КӘСІПОДАҚ КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының бір топ көшбасшысы Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласындағы Кәсіподақ кадрларының біліктілігін арттыру орталығында өткен семинар-тренингке қатысты.
Тыңдаушылар «Кәсіподақ ұйымы: заманауи нұсқа», «Жаңа ақпараттық саясат және кәсіподақ ұйымының цифрлық кеңістігі» тақырыптары бойынша оқытылды. Қазақстан мен Ресей Федерациясының кәсіподақ жұмысының тәжірибелерімен алмасты.
Семинар-тренингте Білім экономикасы институты директорының орынбасары, бизнес-жаттықтырушы, Бүкілресейлік «Белсенді оқыту – тиімді кәсіподақ» байқауының «Жыл оқытушысы» номинациясы бойынша жеңімпазы, Ресейдің тәуелсіз кәсіподақтар федерациясы грантының лауреаты Константин Анатольевич Шерсткин дәріс оқыды.
Семинар жұмысында қатысушыларға тәжірибе барысында қолдануға арналған слайдтар көрсетілді. Мәдени бағдарламаға сәйкес кәсіподақ көшбасшылары Санкт-Петербургтің сәулет ескерткіштері мен көрікті жерлерін аралап, көптеген жағымды эмоциялар мен әсерлерге ие болды.
-
Фото
-