ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ САЛАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ
Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Білім саласындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның отырысы өтті. Отырыс жұмысына Комиссия мүшелері: ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының, сондай-ақ жұмыс берушілер өкілдері қатысты.
Отырыс барысында «Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссия туралы ереженің жаңа редакциясын бекіту туралы» және Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу туралы 2021-2023 жылдарға арналған салалық келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары В.Беженаровтың ақпараты тыңдалды.
Отырыста Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның 2023 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Талқылау қорытындысымен Салалық комиссияның күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша хаттамалық шешімдер қабылданды.
Отырыс нәтижесінде Тараптар саланың түйткілді мәселелерін бірлесіп шешу туралы келісімге келді.