⚠️ 28 СӘУІР - ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІ!
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағы бұл күнді нақты істермен атап өтеді.
Ағымдағы 2023 жылы Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінің тақырыбы «Қауіпсіз және салауатты жұмыс ортасы — еңбек саласындағы негізгі қағидат және құқық» тақырыбына арналады. Бұл тақырып кездейсоқ жарияланбаған, қауіпсіз өндірістік ортаны қалыптастыру мәселесі Халықаралық еңбек ұйымымен 2022 жылдың жазында жұмысшылар құқығының негізгі принциптерінің тізіміне енгізілді.
Бүгінде еңбек саласындағы негізгі қағидаттар мен құқықтарға мәжбүрлі еңбектің барлық түрлерін алып тастау, бірігу еркіндігі және Ұжымдық келіссөздер құқығын нақты тану, балалар еңбегіне пәрменді тыйым салу, еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасы, еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кемсітушіліктің кез келген түрін алып тастау жатады.
Еңбекті қорғау күні қызметкерлердің, кәсіподақ органдары мүшелерінің назарын осы тақырыптың өзектілігіне аударады.
Қауіпсіз және салауатты жұмыс ортасы ғана еңбектің негізі болып табылатын құндылықтар, түсініктер мен принциптерді қамтиды.
Еңбек қауіпсіздігі мәдениетін арттыра отырып, жұмыс берушілер, кәсіподақ ұйымдары еңбекті қорғауды басқару жүйесінің қызметін қамтамасыз етуге, жұмыс орындарында қауіптерді анықтауға, кәсіптік тәуекелдер деңгейін бағалауға және төмендетуге байланысты жүйелі іс-шараларды жүргізуге белсенді қатысады.
Еңбекті қорғау күнін өткізуге дайындық барысында кәсіподақтың мүшелік ұйымдары, техникалық еңбек инспекторлары, өндірістік кеңес мүшелері тақырыптық айлықтар, онкүндіктер, апталықтар өткізді.
Бұл күнді ұйымдастыру және өткізу - еңбекті қорғау мәселелерінің маңыздылығы мен өзектілігін, осы қызмет саласындағы мәселелерді шешу қажеттілігін айқындаудың қосымша мүмкіндігі.
Еңбекті қорғау күнінің іс-шаралары еңбек жағдайларын жақсарту, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу үшін жұмыс берушілер мен кәсіподақ ұйымдарының іс-әрекеттеріне басшылық етеді.
Кәсіподақ ұйымдары 8833 техникалық еңбек инспекторын белгілеп, дайындады. Кәсіподақтың Атқару комитеті тақырыптық және кешенді тексерулерді жүзеге асыру тәртібін, техникалық инспекторлардың өкілеттіктерінің шегін айқындайтын еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының жай-күйін тексеруді жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекітті. 2020-2022 жылдары техникалық инспекторлар еңбек жағдайлары бойынша 11 809 тексеру жүргізді, оның ішінде өндірістік кеңестердің бастамасы бойынша – 9362, қызметкерлердің бастамасы бойынша – 968, өзге де тексерулер – 1479.
Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша анықталған құқық бұзушылықтар саны - 5249. Тіркелген 4525 құқық бұзушылық жойылды. Мемлекеттік уәкілетті органдар мен білім басқармасының мобильді топтары құрамындағы кәсіподақ өкілдері еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жүргізген тексерулер саны - 1205.
Соңғы жылдары салада техникалық еңбек инспекторларын оқытудың, біліктілігін арттырудың нақты жүйесін құру үшін көп жұмыс жасалды. Кәсіподақтың мүшелік ұйымдары техникалық еңбек инспекторларын тұрақты түрде оқытады. Бұдан әрі бұл жұмыс кәсіподақ қызметкерлері мен белсенділері тарапынан еңбекті қорғау бойынша оқыту және еңбекті қорғау талаптарының білімін тексеру жүзеге асырылатын өңірлерде өрбиді.
Кәсіподақтық оқытуға үлкен көңіл бөлінеді. Мүшелік ұйымдар 2022 жылы ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша 795 оқыту семинарын өткізді. Ағымдағы жылы еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту семинарлары өткен жылдың көрсеткіштерінен асып түсті.
Кәсіподақтың Орталық Комитеті мүшелік ұйымдармен онлайн оқыту жұмыстарын жүргізді, оқытылған техникалық инспекторлардың жалпы саны – 18 облыста және Республикалық маңызы бар үш қалада 1050 құрады.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің қаулысымен 2023 жыл «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жарияланды. Негізгі міндет-қызметкерлер үшін қауіпсіз еңбек ортасын құру.
Кәсіподақтағы еңбекті қорғау жылы бірлескен жоспарларды орындау бойынша мүшелік ұйымдардың білім беру саласындағы атқарушы билік органдарымен өзара іс-қимылдарын нығайтудың қуатты ұйымдастырушы факторына айналды.
Еңбекті қорғау жылы аясында кәсіподақтың өңірлік және бастауыш ұйымдарында көптеген оқыту семинарлары, еңбекті қорғаудың өзекті мәселелері бойынша (АҚҚ-ның жұмыс істеуі, еңбекті қорғауды қаржыландыру, қызметкерлер мен білім алушылардың денсаулығын қорғау және т.б.) кеңестер, дөңгелек үстелдер өткізу жоспарланған.
Техникалық еңбек инспекторларын, еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестерді қоғамдық бақылауды жүзеге асыру бойынша үздік тәжірибелер, жұмыстағы озық тәжірибелер барлық қолда бар ресурстарды: интернет-ресурстарды (кәсіподақтың Орталық комитеті мен мүшелік ұйымдарының ресми сайты) пайдалану арқылы жарыққа шығатын болады.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фото
-