Техникалық және кәсіптік білім беру педагогтары арасындағы II Республикалық спартакиада
Абай облысында техникалық және кәсіптік білім беру педагогтары арасында II Республикалық спартакиада өтті . Спартакиадада 15 облыстан және республикалық маңызы бар 5 қаладан 740 қатысушы бақ сынады. 45 төреші жарысқа қатысушылардың нәтижелері мен жетістіктерін бағалады. Жарыс спорттың 5 түрінен өтті: волейбол (ерлер, әйелдер), баскетбол (ерлер, әйелдер), футбол (ерлер), сондай-ақ тоғызқұмалақ және үстел теннисі.
Спартакиаданың ашылу салтанатына ҚР Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің басқарма басшысы А.Рахымберлин, ҚР Оқу-ағарту министрлігі "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы" бас директорының кеңесшісі К.Жахин, Салалық кәсіподақ төрағасы А.Мұқашева қатысты.
Республикалық спартакиада қорытындысы бойынша:
1 орын-Алматы қ.;
2 орын – Түркістан облысы;
3 орын-Абай облысы иеленді.
Спорттың жекелеген түрлері бойынша барлық жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды.
-
Фото
-