ҮШЖАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ
Астанада Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты салалық комиссияның бірінші отырысы өтті.
Отырыс online және offline форматта өткізілді. Отырыс жұмысына қызметкерлердің өкілдері, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, сондай-ақ «Адами капиталды, білім мен ғылымды дамыту жөніндегі ұйымдардың қауымдастығы» ұйымынан құралған комиссия мүшелері қатысты.
Комиссия отырысын Министрліктің Аппарат жетекшісі Б.Тәкежанов жүргізіп отырды.
Отырыс барысында күн тәртібінің келесі мәселелері қаралды:
- Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссия туралы Ережені бекіту туралы ;
- Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның төрағасын, төраға орынбасары мен координаторын сайлау туралы;
- Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның жұмыс жоспары туралы.
Талқылаудан кейін Салалық комиссия туралы ереже, комиссияның жұмыс жоспары бекітілді.
Комиссияның басқарушы органы да сайланды:
Комиссия төрағасы ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қ. Ерғалиев, комиссия төрағасының орынбасары - В.Беженаров, комиссияның үйлестірушісі- Министрліктің аппарат басшысы Б. Тәкежанов.
Комиссия отырысы іскерлік және сындарлы жағдайда өтті. Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева әлеуметтік әріптестерге Комиссия жұмысына белсенді қатысқаны үшін алғысымн білдірді.