САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ. КӘСІПОДАҚ ӨКІЛДЕРІ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
Бүгін Астанада Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Атқару комитетінің кезекті отырысы өтті. Атқару комитетінің мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді егжей-тегжейлі талқылады:
«Астана қаласының білім кәсіподағы ұйымында ақпараттық жұмысты ұйымдастыру туралы» - Астана қалалық ұйымының төрағасы Әлиев Б.Ә.
««Қорғау» Қостанай облыстық ұйымының бастауыш кәсіподақ ұйымдарында ұжымдық-шарттық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі жұмысы туралы» - «Қорғау» Қостанай облыстық ұйымының төрағасы Көшетерова В.Р.
«Абай облысы кәсіподақ ұйымында еңбек занамасының орындалуына қоғамдық бақылау және құқық қорғау жұмысын ұйымдастыру туралы» - Абай облыстық ұйымының төрағасы Ыбыраев С.М.
«Павлодар облыстық кәсіподақ ұйымының қоғамдық бақылау тиімділігін арттыру және қызметкерлерді құқықтық қорғау жөніндегі жұмысы туралы» -Павлодар облыстық ұйымының төрағасы Наурызбаева Г.Ә.
«Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымындағы Орталық Комитеттің, Атқару Комитетінің қаулыларын және өздерінің шешімдерін бақылау және орындау жөніндегі жұмыс жағдайы туралы» - Ақтөбе облыстық ұйымының төрағасы Серікова Р.С.
«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті кәсіподақ ұйымының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі заңнаманы қадағалауға, білім және ғылым саласы қызметкерлері үшін заманауи қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасауға қатысуға қоғамдық бақылау тиімділігін арттыру жөніндегі жұмысы туралы» - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті кәсіподақ ұйымының төрағасы Ибраимов М.Б.
Салалық кәсіподақтың орталық комитетінің бөлім басшысы Е.Иманбаев Кәсіподақтың мүшелік ұйымдарында есептік-сайлау науқанын дайындау және өткізу барысы туралы ақпарат берді.
Салалық кәсіподақ ұйымының мүшелік ұйымдары басшыларының баяндамаларын тыңдап, талқылағаннан кейін Атқару комитеті кәсіподақ органдарына еңбек ұжымдарында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жандандыру, ақпараттық жұмысты одан әрі жетілдіру, сондай-ақ құқық қорғау қызметін ұйымдастыру, білім беру ұйымдарында жұмыс берушілердің еңбек заңнамасының орындалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру жөнінде қосымша шаралар қабылдауды жүктеді.
Атқару комитетінің отырысында басқа да мәселелер қаралды, Кәсіподақтың Орталық комитеті аппараты туралы Ережесі бекітілді. Қарастырылған барлық сұрақтар бойынша тиісті Қаулы қабылданды.
_____
Атқару комитетінің отырысынан кейін Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева мүшелік ұйымдардың басшыларымен жиын өткізіп, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.
Жиынды аша отырып, Айгүл Мұқашева Президенттің Жолдауы қоғамдағы ауқымды өзгерістерінің жалғасы екенін, халықтың, әрбір азаматтың әл-ауқатын қамтамасыз етуге батыл қадам жасалғанын атап өтті.
«Президент Жолдауында елдегі ең төменгі жалақы мөлшерін ұлғайтуды тапсырлы, Үкіметке зиянды өндіріске тартылған қызметкерлерге әлеуметтік төлемдер алгоритмін, сондай-ақ қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын әзірлеуді жүктеді. Жолдаудың басты мақсаты - абстрактілі жетістіктерге емес, азаматтардың өмірін жақсартуға негізделген, жаңа экономикалық модельге кезең-кезеңмен көшуге бағытталған. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жолдауында әрбір азаматқа және оның жеке экономикалық мүдделеріне әсер ететін ауқымды экономикалық даму міндеттері қамтылған»,- деп атап өтті А.Мұқашева.
Кәсіподақ басшысы талқылауды қорытындылай отырып, Салалық кәсіподақ Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін қолдайтынын және оларды табысты іске асыруға белсенді қатысатынын мәлімдеді.
Жиында сонымен бірге бірқатар ұйымдық-кадрлық және басқа да кәсіподақішілік мәселелер қаралды,
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фото
-