І РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГТАР СЪЕЗІ
Қазақстанда алғаш рет 5 қазанда атап өтілген Ұстаздар күні Астанада Республикалық педагогтар съезі өтті. Онда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі.
Мемлекет басшысы қатысушыларды кәсіби мерекемен құттықтап, іс-шараның маңыздылығын атап өтті, білім беру саласында назар аудару керек жеті ұстанымды атап өтті.
1. Педагогтардың біліктілігін арттыру;
2.Балалардың озық білім алуы;
3.Мектептегі орын тапшылығын жою;
4.Мектеп ең қауіпсіз орын болуы тиіс;
5.Ауыл мен қала мектептері арасындағы білім алшақтығын жою;
6.Білім беру үдерісін цифрландыру қарқынын жеделдету;
7.Оқушыларға озық біліммен қатар өнегелі тәрбие беру.
Сөз соңында Президент: «Әр бала сапалы мектепте білім алып, лайықты адам және жауапты азамат болуы керек»,- деп атап өтті.
Съезд барысында білім беру саласын дамыту бойынша ұсыныстармен Астананың және бірқатар өңірлердің мұғалімдері сөз сөйледі. Мемлекет басшысы білім беру саласындағы үздік жетістіктері мен Қазақстанның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар педагогтарға «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті төсбелгісін табыстады.
Съезд жұмысына А.Мұқашева бастаған Салалық кәсіподақ делегациясы қатысты.
-
Фото
-