«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ БІРЫҢҒАЙ ҰЖЫМДЫҚ ШАРТҚА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
2023 жылғы 24 қарашада «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ 2023-2025 жылдарға арналған бірыңғай ұжымдық шартына қол қойылды. Қызметкерлер тарапынан Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағы бастамашы болды.
ҚР ЕК 20-бабының 1-тармағына сәйкес, ұжымдық келіссөздер жүргізу, ұжымдық шартты жасасу және өзгерту, оның орындалуын бақылауды жүзеге асыру жағдайында кәсіподақ, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ органдары қызметкерлердің мүдделерін білдіреді.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ қызметкерлері түгелге жуық кәсіподақ мүшелері болып табылады. Осы ұжымдық шарт филиалдардың барлық өкілдерімен екі ай бойы талқыланды. Нәтижесінде Ұжымдық шарт әлеуметтік пакеті бар және еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық акт деп танылды.