САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ
Бүгін Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының Атқару комитетінің отырысы өтті. Онда Салалық кәсіподақтың 2023 жылғы жұмыстарының қорытындылары талқыланып, 2024 жылға арналған жұмыс жоспары белгіленді.
Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева бастаған Атқару комитетінің мүшелері ZOOM бейне конференц-байланыс режимінде күн тәртібіндегі келесідей мәселелерді талқылады:
2023 жылы кәсіподақ мүшелері мен балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша кәсіподақ мүшелік ұйымдарының жұмыс қорытындылары туралы;
Кәсіподақтың Орталық Комитетінің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы;
Кәсіподақ оқуын ұйымдастыру жөніндегі жұмыс жағдайы және оның тиімділігін арттыру бойынша кәсіподақ органдарының міндеттері туралы;
Ақмола облыстық кәсіподақ ұйымының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы кәсіподақ ұйымдары жұмысының тиімділігін арттыру жөніндегі жұмысы туралы;
Кәсіподақтың статистикалық есептерінің нысандарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
Кәсіподақтың жергілікті (локальді) құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
Марапаттау туралы.
Атқару комитетінің мүшелері Кәсіподақтың Орталық Комитетінің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын қарастырып, бекітті.
Отырыс барысында кәсіподақтың биылғы жылдағы жұмысына оңтайлы баға беріле отырып, келер жылға кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірнеше міндеттер белгіленді.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша Атқару комитеті мүшелерінен түскен барлық ұсыныстарды ескере отырып, тиісті Қаулылар қабылданды.
Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева Атқару комитетінің жұмысын қорытындылай отырып, әріптеріне жүйелі және сындарлы жұмысы үшін алғысын білдірді, кәсіподақтың келер жылға жоспарланған барлық ауқымды жұмыстарын атқару үшін күш біріктіру қажеттілігін атап өтті.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фото
-