🔊🔊🔊 АҚПАРАТ ҮШІН❗️
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 қарашадағы № 1002 қаулысымен «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 3-тармағы 2)-тармақшасына енгізілген өзгеріске сәйкес медицина және фармацевтика жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақылары (тарифтік мөлшерлемелері) лауазымдық айлықақыларының белгіленген мөлшеріне түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады:
біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандарға (А блогының басқарушы персоналы, В1, В2 блоктарының негізгі персоналы) 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап 3,42 мөлшерінде;
біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі мамандарға (В3, В4 блоктарының негізгі персоналы) 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2,34 мөлшерінде
«Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 123 бұйрығына сәйкес:
В2 блогы негізгі персоналыныңбіліктілігі жоғары деңгейлі мамандарына - барлық мамандықтағы дәрігерлер;
біліктілігі жоғары деңгейлі В3 блогы мамандарына - мейірбике (мейіргер);
біліктілігі орташа деңгейлі В4 блогы мамандарына -мейірбике (мейіргер),
тіс дәрігері (дантист), емдік дене шынықтыру бойынша нұсқаушы,
емдәмдік мейірбике жатады.
Жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгеріс енгізу туралы,Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 қарашадағы № 1002 қаулысы 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.