КӘСІПОДАҚТАР 2024 ЖЫЛДЫ ЛАЙЫҚТЫ ЕҢБЕК ЖЫЛЫ АЯСЫНДА ӨТКІЗЕДІ
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының орталық кеңсесінде Бас кеңестің отырысы өтті. Онда 2023 жылы ҚРКФ мен оның мүшелік ұйымдарының Қауіпсіз еңбек жылы аясында өткізілген қызметінің қорытындылары шығарылды. Мәжіліске Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағынан төраға Айгүл Мұқашева бастаған Бас кеңес мүшелері қатысты.
Кәсіподақтар Федерациясы мен оның мүшелік ұйымдарының жұмысы туралы есепті баяндамада ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин ірі республикалық кәсіподақ бірлестігі қызметінің негізгі нәтижелеріне тоқталды.
Ешкім күнкөрісін жасап жүріп, жұмыс орнында қаза болмауы керек.
«Қауіпсіз еңбек жылы» аясында ҚРКФ-на мүше ұйымдар өз қызметін жарақаттардың, өндірістегі жазатайым оқиғалардың деңгейін төмендету, қауіпсіз еңбек жағдайларын жақсарту және жұмысшылардың денсаулығын қорғау шараларын қабылдауға бағыттады.
Әлеуметтік әріптестік ниет білдіру декларациясы емес, тиімді құралға айналуы тиіс.
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин еліміздегі әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудің негізгі құралдарының бірі ретінде Үкімет, республикалық қызметкерлер бірлестіктері және республикалық жұмыс берушілер бірлестіктері арасындағы әлеуметтік әріптестікті атады.
Кәсіподақтардың рөлі – құқықтық саладағы еңбек дауларын реттеу
Өткен жылдың Кәсіподақтар федерациясы мен оның мүшелік ұйымдары қызметінің қорытындылары бойынша есепті баяндамасында ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин кәсіподақтардың ел кәсіпорындарындағы еңбек жанжалдарын болдырмаудағы рөліне ерекше назар аударды.
Еңбек саласындағы заңдар кәсіподақтардың пікірін ескере отырып қабылдануы керек
Өткен жылды қорытындылай келе, ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Бас Кеңес мүшелеріне Федерацияның норма шығару қызметі туралы да айтып берді.
2023 жылы ҚРКФ Ведомствоаралық комиссиялар шеңберінде 33 заң жобасын қарауға қатысты.
Кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғау – № 1 басымдық
Кәсіподақтар федерациясы жанындағы кәсіподақ мүшелеріне тиімді, кәсіби көмек көрсету мақсатында екі жыл бұрын барлық аумақтық кәсіподақ бірлестіктерінде филиалдарында Заң клиникасы құрылды. Бүгінгі таңда Заң клиникаларының құрылымдарында Татуласу орталықтары мен қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмыс істейді.
ҚРКФ-ның халықаралық қоғамдастықтағы беделі-елдің оң имиджінің бір бөлігі
ҚР Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің мүшелері мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша ҚРКФ жүргізіп жатқан жұмыстар назардан тыс қалмады.
Федерацияның халықаралық аренадағы мақсатты қызметі соңғы төрт жылда халықаралық кәсіподақ қоғамдастығында ҚР Кәсіподақтар федерациясының оң имиджін қалыптастыруға, сондай-ақ Халықаралық еңбек ұйымымен (ХЕҰ), Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясымен (МКП) және шетелдік кәсіподақ орталықтарымен сындарлы диалог пен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жолға қоюға мүмкіндік берді.
Кәсіподақ идеологиясын ілгерілете отырып, әлеуметтік тұрақтылықты нығайтамыз
ҚР Кәсіподақтар федерациясы және оның мүшелік ұйымдары кәсіподақтардың барлық мүшелері үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктерге қатысты кәсіподақ идеологиясының маңызды аспектілеріне негізделген әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын алға тартады.
Лайықты еңбек жылының міндеттері
Кәсіподақтар Федерациясы мен оның мүшелік ұйымдарының қызметін қорытындылай келе, Сатыбалды Дәулеталин кәсіподақ қауымдастығының алдында тұрған бірқатар бірінші кезектегі міндеттерді белгіледі.
-
Фото
-