ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ МЕН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҒЫ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫс
Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі мен Қазақстандық оқу-ағарту , ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағы арасында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумға Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Қазақстандық оқу-ағарту , ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағы төрағасы Айгүл Мұқашева қол қойды.
Меморандумның мақсаты жоғары білім беру сапасын, академиялық және зерттеушілік адалдық мәдениетін, сондай-ақ академиялық құқықтарды, бостандықтар мен кәсіби мүдделерді қорғауды қамтамасыз ету саласындағы өзара іс - қимыл болып табылады.
Меморандум аясында Тараптар ПОҚ мен ғылыми қызметкерлердің кәсіби дамуына ықпал ететін олардың жұмысы үшін қолайлы ортаға құқықтары мен бостандықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз ету, ПОҚ мен ғылыми қызметкерлердің академиялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға ынтымақтастықты нығайтып, күш біріктіруге келісті.
-
Фото
-