ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ САЛАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінде Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім саласындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Салалық комиссияның кезекті отырысы өтті.
🔻Отырысқа Комиссия мүшелері: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, «Қазақстандық оқу- ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағы» ҚБ, «Ғылым, инновациялық және білім беру ұйымдары қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ және «Адами капиталды дамыту, білім және ғылым ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ өкілдері қатысты.
🌀 Салалық Комиссия бірқатар мәселелерді қарады:
✔️«Салалық комиссияның төрағасы мен үйлестірушісін сайлау туралы»;
✔️«Ғылым және жоғары білім саласындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның 2023 жылғы жұмыс жоспарын орындау туралы»;
✔️ «Комиссияның 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы».
📌Отырыс барысында Салалық комиссияның төрағасы болып ҚР Ғылым және жоғары білім Вице-министрі - Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы, үйлестіруші ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі аппаратының басшысы - Қожахмет Мадияр Дүйсенбайұлы сайланды.
✅ Әлеуметтік әріптестік тараптары Салалық комиссияның қарауына енгізілген барлық ұсыныстар бойынша келісілген шешімдер қабылдады, комиссияның 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті.
▪️Салалық комиссияның отырысы сындарлы және іскерлік жағдайда өтті.
https://www.youtube.com/shorts/-yFxbNcztf8
🖍️ Қазақстандық оқу- ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фото
-