ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ - КӘСІПОДАҚ НАЗАРЫНДА !
Бүгін Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен тренинг болып өтті. «Стресске төзімділік модельдері мен эмоционалды интеллект призмасы арқылы командада жұмыс жасау дағдылары» тақырыбындағы тренинг жұмысына Салалық кәсіподақтың әйелдер істері жөніндегі комиссиясының мүшелері қатысты. Шараға «AMANAT» партиясының хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Қаринова Шолпан Таңатқызы, адам ресурстары бойынша сарапшы, инновациялық ойындар мен әдіс-тәсілдердің авторы Нәби Гүлзи Әскенқызы арнайы шақырылды.
Шара «Қазақстандық оқуағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағы» ҚБ төрағасы Мұқашева Айгүл Мақсатқызының кіріспен сөзімен ашылды.
- Салалық кәсіподақ мүшелерінің басым бөлігі – әйелдер. Әйелдер мүддесіне қатысты мәселелер әрдайым кәсіподақтың назарында. Кәсіподақ нәзік жандылар мен балаларды қорғауға бағытталған бастамаларды қолдайды , - деді Айгүл Мұқашева .
«AMANAT» партиясының хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Қаринова Шолпан Таңатқызы әйелдер қанатының мақсат-міндеттері мен басымдықтары туралы тарқатып айтып берді.
- «AMANAT» партиясы отбасылық-тұрмыстық зорлық – зомбылықтың алдын алуға жәрдемдесу, ауылдағы бизнес, Өндірістегі еңбекті қорғау, отбасының денсаулығы мен құндылықтары, экономикалық құқықтар, әйелдердің ғылымдағы рөлі және т.б. сияқты әйелдер қанаты жұмысының он басымдығын қалыптастырды, - деп атап өтті Ш. Каринова. - Әйелдер әрқашан адам әлеуетінің дамуына, халықтың әл-ауқатының артуына оң әсер етеді. Біздің басты мақсатымыз-әйелдердің мәртебесін көтеру, ғылымдағы, қоғамдағы әділ жыныстың рөлін анықтау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға көмек көрсету, отбасылық құндылықтарды насихаттау, әйелдерге бизнесті дамытуға жәрдемдесу және басқа да бағыттар, - деді ол.
Айгүл Мұқашева Шолпан Таңатқызына берілген ақпарат үшін алғысын білдіріп, барлық жоспарланған жоспарларды жүзеге асыруда табыс тіледі.
Шараның екінші бөлімін адам ресурстары бойынша сарапшы, инновациялық ойындар мен әдіс-тәсілдердің авторы Тренер Нәби Гүлзи Әскенқызы жүргізді. «Командада сындарлы қарымқатынас құрудағы эмоционалды инттелекттің рөлі», «Күйзелістерді (стресстер) қалай жеңуге болады?», «Стресске төзімділікті арттырудың нүктесі» секілді тақырыптарға тренингтер, жаттығулар мен түрлі ойындар өткізілді.
Шара барысында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, жауаптарын алды. Шараға қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, осындай шараларды жиі өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фото
-