Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашеваның Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
АРДАҚТЫ АНАЛАР!
АЯУЛЫ АРУЛАР!
Сіздерді шуақты көктемнің шұғылалы мерекесі - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Адамзат баласына ұрпақ сыйлар тіршілік иесі - әйел-анаға құрмет көрсетіп, есімін ардақтайтын қастерлі мерекенің баршамыз үшін тұғыры биік.
Ұрпақ тәрбиелеумен қатар, қоғамның барлық салаларында қажырлы қызмет етіп, елдің дамуы мен өркендеуі жолында жігері мен қайратын аямай, тер төгіп жүрген нәзік жандылар - ұлт мақтанышы.
Ортақ Отанымыздың негізгі құндылықтары – бірлік, жасампаздық пен тұрақтылықты нығайта отырып, мемлекетіміздің ғылым – білім саласын дамытуға айрықша үлес қосып жүрген әріптестердің басым бөлігі – қыз-келіншектер. Мерейлі мерекеде еселі еңбектеріңізге алғыс білдіре отырып, баршаңызға зор денсаулық, баянды бақыт, қызметтеріңізге бақ-береке, табыс тілеймін!
Әрдайым жүздеріңізден күлкі, көңілдеріңізден қуаныш, шаңырақтарыңыздан шаттық арылмасын!
МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Ізгі тілекпен,
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы
Айгүл Мұқашева