КӘСІПОДАҚ ТҮСІНДІРЕДІ
Жұмыс беруші зейнеткерлік жасқа толған педагогпен еңбек қатынастарын жалғастыра алады ма, немесе еңбек шартын бұзуы тиіс пе?
ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі –Кодекс) 30- бабы 5-тармағына сәйкес, ҚР Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа толған, кәсіби және біліктілік деңгейі жоғары жұмыскермен еңбек шарты оның еңбекке қабілеттілігі ескеріле отырып, 30- баптың 1-тармағы 2) тармақшасының төртінші бөлігінде көзделген шектеусіз, жыл сайын ұзартылуы мүмкін.
Сондай-ақ, Салалық деңгейде оқу-ағарту қызметкерлері үшін еңбек жағдайын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған Әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісімнің (бұдан әрі – Салалық келісім) 9.4- тармағының үшінші абзацына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған педагогтармен көрсетілген негіздегі еңбек шарты оның өтініші бойынша оқу жылы аяқталғанда бұзылады.
Бұл ретте, Кодекстің 53- бабы 9-тармағына сәйкес, Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 24) тармақшасында көзделген негіз бойынша еңбек шартын бұзуға жұмыскер ҚР Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанда жұмыскер зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін еңбек шартын бұзу күніне дейін кемінде бір ай бұрын оны хабардар ете отырып және еңбек, ұжымдық шарттарда және (немесе) жұмыс берушінің актісінде айқындалатын мөлшерде өтемақы төлене отырып жол беріледі.
Білу маңызды! Кодекстің 154-бабы 2 және 7 тармақтарына сәйкес, Салалық келісімнің күші тиісті қызмет саласының мемлекеттік органдарына, тиісті саланың жұмыс берушілеріне, жұмыскерлеріне және олардың өкілдеріне қолданылады, сондай-ақ келісімнің шарттарын жалтару, сол сияқты бұзу немесе орындамау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.