СЕМЕЙ ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
2024 жылдың 28 наурызында Семей қаласында оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының Семей қалалық комитетінде кезекті XVIII есеп беру-сайлау кәсіподақ конференциясы өтті.
Конференцияға Абай облысыаумақтық кәсіподақтары бірлестігінің төрайымы Исабаева З.Р., қала әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Есенжолов Н.Е., облыстық оқу-ағарту,ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Ибраев С.М. қатысты.
Конференцияда қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Мұсабеков Ербол Әсемқанұлы баяндама жасап, қалалық кәсіподақ комитетінің 5 жыл ішінде кәсіподақ қызметінің барлық бағыттары бойынша атқарған жұмыстарын ашып, көрсетті.
Кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін құқықтық және әлеуметтік-экономикалық қорғау бойынша тараптардың жауапкершілігіне жаңа талаптарды айқындайтын кәсіподақтар жұмысының басым бағыттарының бірі ретінде әлеуметтік әріптестікке ерекше назар аударылды.
Конференцияға барлық делегаттар белсене атсалысып, өз ұсыныстарын мен тілектерін айтып, Семей қалалық кәсіподақ комитетінің жұмысын қанағаттанарлық деп танып, Семей қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы болып бірауыздан Е.А. Мұсабековты сайлады.
Үздік кәсіподақ жетекшілері мен әлеуметтік әріптестер түрлі деңгейдегі кәсіподақ наградаларымен марапатталды.
Семей қалалық ұйымы
-
Фото
-