АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ № 72 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ
Астана қаласының білім беру қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев Астана қаласы әкімдігінің № 72 мектеп-лицейінің ұжымымен кездесті.
Б.Ә. Әлиев кездесуге қатысушыларды Астана қаласының Білім басқармасы мен Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің Кәсіподағы арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы Келісіммен таныстырды және кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсарту және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
Келісім – кәсіподақ мүшелері болып табылатын Астана қаласының білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен салыстырғанда қосымша жеңілдіктер мен кепілдіктер белгілеу мақсатында қол қойылғанын атап өту қажет.
Сондай-ақ, Батыр Әлиев Ұжымдық шарттың нормалары, еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізу, кәсіподақ мүшелеріне материалдық көмек туралы хабардар етті.
Іс-шара еркін диалог форматында жүргізілді.
-
Фото
-