30 (отыз) және одан да көп жыл бейіні бойынша педагогикалық өтілі бар тұлғалардың ПББ-дан босатылуы туралы
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағы 30 (отыз) және одан да көп жыл бейіні бойынша педагогикалық өтілі бар тұлғалардың ПББ-дан босатылуы туралы келесі түсіндірмені береді.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген «Педагогтарды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының» (бұдан әрі – Аттестаттау қағидалары) 54 - тармағына сәйкес бейіні бойынша 30 (отыз) және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар барлық лауазымдардағы педагогтердің қызметінің нәтижелерін кешенді қорытындылау кезінде біліктілік санатын растауда ПББ-дан өту талап етілмейді.
Педагогтар мен білім беруді басқару органдарына аттестаттауды өткізуде қолдау көрсету мақсатында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетімен 09.04.2024 ж. №20-1-20-7/2435-И «2024 жылы Педагогтерді аттестаттау рәсімін өткізу бойынша нұсқаулық хаты» (бұдан әрі – Нұсқаулық хат) әзірленді.
Нұсқаулық хаттың 5-тармағында жоғарыда айтылған Аттестаттау қағидаларының 54-тармағына түсіндірме берілген. Нұсқаулық хатта 30 (отыз) және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар барлық лауазымдағы педагогтердің қызметінің нәтижелерін кешенді қорытындылау кезінде біліктілік санатын растау кезінде ПББ-ден өту талап етілмейтіні көрсетілген. Бұл норма ескі форматтағы санаты бар (І, ІІ және жоғары) педагогтерге де қолданылады.
Бұл жерде педагогтың қосымша мамандықтар бойынша бейіні ескеріледі (қос дипломы немесе қайта даярлықтан өткені).
Осы түсіндірмеге сүйене отырып, Аттестаттау қағидаларының 54-тармағын қолданған кезде мыналарды ескеру қажет:
Педагогикалық жұмыс стажын есептеудің тәртібі мен шарттары ҚР Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 302 бұйрығымен бекітілген «Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесiмен» (бұдан әрі – Стаж есептеу ережесі) реттеледі. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V100006340_
Стаж есептеу ережесінің 2-бөлімі 2-тармағына сәйкес мамандық бойынша педагогикалық жұмыс стажына аталған ереженің Қосымшасында айқындалған білім беру ұйымдарындағы жұмыс уақыты есептеледі.
Стаж есептеу ережесінің Қосымшасында, білім беру ұйымдарының барлық деңгейлері мен түрлерінің номенклатурасы, сондай-ақ ондағы жұмыс уақыты тиісті лауазымдардағы оқу-тәрбие ұйымдары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс стажына есептелетін педагогтар лауазымдарының тізбесі белгіленгенін атап өткен жөн.
Мысал ретінде келесі жағдайды қарастырайық:
Педагог 1991 жылдан 2004 жылға дейін (13 жыл) мектепке дейінгі ұйымда тәрбиеші болып жұмыс істеді, әрі қарай «биология мұғалімі» мамандығы бойынша екінші жоғары педагогикалық білімімен, 2005 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін (19 жыл) биология мұғалімі ретінде жұмысын жалғастырады.
Сұрақ: Педагог бейіні бойынша педагогикалық стажға, мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиеші лауазымы бойынша жұмыс кезеңі есептеледі ме?
Жоғарыда көрсетілген Стаж есептеу ережесінің нормалары негізінде педагогтың бейіні бойынша педагогикалық жұмыс стажына, мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиеші лауазымы бойынша жұмыс уақыты есептеледі.
Қос дипломға келсек, «Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 90 бұйрығына сәйкес қос диплом жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің нысаны, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру болып табылады.
Екі дипомдық білім бір жоғары оқу орнының ішіндегі сияқты екі әріптес жоғары оқу орнының арасында да іске асырылуы мүмкін.
Кәсіптік қайта даярлау - бұл маманға өз кәсібін немесе мамандығын өзгертуге мүмкіндік беретін қосымша кәсіптік білім беру түрі.
ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңының 10-бабы 1-тармағына сәйкес педагогтік білімі жоқ, тиісті бейіні бойынша педагогтің кәсіптік қызметіне алғаш рет кірісетін кәсіптік білімі бар адамдар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының базасында педагогтік қайта даярлаудан өтеді.