ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ
2024 жылдың 17 сәуірінде Шығыс Қазақстан білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының активі "ШҚО кәсіподақ орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігі ұйымдастырған Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған дөңгелек үстел жұмысына қатысты.
Жұмыс барысында салалық кәсіподақтардың, мемлекеттік органдардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты талқылап, мәселелерді көтеріп, қауіпсіз және салауатты жұмыс ортасын құрудың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара барысында Р.Пушанова (Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "Жас техниктер станциясы" КМҚК) және Е. Жидяева (Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің "Верх-Березовка орта мектебі" КММ) - "Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор"байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары ШҚО жергілікті кәсіподағының Құрмет грамоталарымен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.
"Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор"байқауының облыстық кезеңінің женімпаздарымен Шығыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы төрағасы Н.Касенова кездесіп, бастауыш кәсіподақ ұйымындағы мәселелер мен жетістіктерді бірге талқылады, жаңа Келісім бойынша жұмыстың негізгі бағыттары туралы айтып, "Еңбекті қорғау және денсаулық"бөліміне тоқталды.Соңында жеңімпаздарды Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнімен құттықтап, жұмыста жарқын жетістіктер тіледі.
-
Фото
-