ЕЛОРДАЛЫҚ ОРТА БІЛІМ БЕРУ, ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАС ЕСЕПШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР
Астанада білім беру қызметкерлері Кәсіподағының ұйымдастыруымен орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бас бухгалтерлеріне арналған семинар өтті.
Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағының төрағасы Батыр Алиев семинарға қатысушыларды білім беру саласында Еңбек Кодексі мен нормативтік құқықтық актілердің нормаларын тәжірибелік қолдану және Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсарту және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы» № 553 бұйрығының 43-тармағы мен 367-тармағына сәйкес бас бухгалтер және бухгалтер еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды, өндірістік санитарияны, өрт қауіпсіздігінің талаптарын білуі тиіс екенін мәлімдеді.
Іс-шара еркін диалог форматында жүргізілді. Семинар соңында қызметкерлер қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды. Қатысушылар осындай семинарларды тұрақты негізде өткізу туралы ұсыныс білдірді.
-
Фото
-