КӘСІПОДАҚТЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ЖҰМЫСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА
Астана қаласында Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағы құқықтық қызмет мамандары арасында екі күндік семинар-кеңесі өз жұмысын бастады.
Семинар-кеңесте оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың өзекті мәселелері талқыланады.
Кеңеске қатысушылар Кәсіподақтың 2023 жылғы құқық қорғау жұмысын қорытындылады және Кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғауды күшейту жөніндегі міндеттерді айқындады.
Семинарға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті төрағасы Жұмашев Қаныбек Бекболатұлы,ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаментінің еңбекақы төлеу әдіснамасы басқармасының басшысы Тоқпанова Гүлайым Сембіқызы қатысты.
Қ.Жұмашев қатысушыларды аттестаттау мәселелері бойынша жаңа салалық НҚА қолдану ерекшеліктері туралы хабардар етті және педагогтарды аттестаттау қағидаларына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға қатысты түсініктемелер берді.
Г.Тоқпанова өз сөзінде білім саласы қызметкерлерінің жалақысын есептеудің негізгі мәселелерін атап өтті.
Спикерлер семинарға қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.
Семинар-кеңестің бірінші күнінің екінші жартысы өңірлердегі қоғамдық құқық қорғау жұмысын ұйымдастыру бойынша кәсіподақ мүшелік ұйымдарының жұмыс тәжірибесімен бөлісуге арналды:
- «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ құқықтық инспекторы А.Алимпиев жұмыс берушілердің еңбек заңнамасының орындауына қоғамдық бақылау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру туралы баяндады;
- «Жамбыл облысының оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ құқықтық қызмет бөлімінің басшысы Ә.Джолшибекова еңбекті ұжымдық-шарттық реттеуді ұйымдастырудың жаңа нысандарын көрсетті;
- «Қазақстандық салалық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымы» ҚБ құқықтық инспеторы Л.Гасанов жұмыс орындарында жазатайым оқиғалардың алдын алуын, жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды нығайту жөніндегі жұмыстары туралы баяндады.
- «Ұcтаз» Алматы қалалық жергілікті кәсіптік одағы" ҚБ құқықтық инспекторы М.Тұрлыбекова еңбек заңнамасының негіздеріне кәсіподақ мүшелерін және жұмыс берушілер өкілдерін оқытуды ұйымдастыру туралы тәжірибесімен бөлісті.
Семинардың бірінші күні пікірталастармен және қарастырылып отырған мәселелерді кеңінен талқылаумен ерекшеленді.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фото
-