ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚЫЗМЕТ МАМАНДАРЫНЫҢ ЕКІ КҮНДІК СЕМИНАР-КЕҢЕСІ АЯҚТАЛДЫ. САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ ЕКІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ
Бүгін Астанада Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағы құқықтық қызмет мамандарына арналған екі күндік семинар-кеңесі тәмамдалды.
Семинар-кеңестің екінші күнгі жұмысы ЕҚжРҒЗИ Бас директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Бекмағамбетов Әлімжан Бауыржанұлының сөзімен жалғасты. Ол қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері туралы айтты.
Әрі қарай Орталық аппараттың Құқықтық жұмыс, ЕҚ ж/е ЕҚ бөлімінің бас маманы Бектабанов Айдарбек Жасұланұлы сөз сөйледі. Айдарбек Жасұланұлы кеңеске қатысушыларға Салалық және өңірлік деңгейлерде әлеуметтік әріптестікті ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы ақпарат берді.
Спикерлердің кейін өте қызу, өткір пікірталас басталды, оған жеткілікті уақыт бөлінді. Пікір алмасу барысында семинар - кеңеске қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, баяндамашыларға сұрақтарын қойды.
Шара соңында «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының үздік құқықтық еңбек инспекторы» және «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» атты екі республикалық байқауларының қорытындысы шығарылды.
Салалық кәсіподақтың үздік құқықтық инспекторы болып танылды:
Жаркенова Гүлшат Оралқызы, Павлодар облыстық ұйымының құқықтық инспекторы;
ІІ орын - Әлімпиев Александр Львович, Ақтөбе облыстық ұйымының құқықтық инспекторы;
ІІІ орын - Жолшыбекова Әлия Игенбайқызы, Жамбыл облыстық ұйымының құқықтық қызмет басшысы.
«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» атағына 1 -топтағы орындар былайша бөлінді:
I орын - Жұмабеков Ертай Сәрсенұлы, Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау инженері;
II орын - Пушанова Раушан Советқызы, ШҚО Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Жас техниктер станциясы» КМҚК директорының әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары;
III орын - Аблаева Гүлнара Оралбекқызы, Шымкент қаласы білім басқармасының «Индустриалды-техникалық колледжі» МКҚК сызу мұғалімі
2 топ:
I орын -Рычко Юлия Анатольевна, Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының білім бөліміне қарасты Талғат Бигелдинов атындағы орта мектептің педагог-психолог, медбикесі;
ІІ орын - Сиразетдинова Венера Рашитқызы, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қ. «Айгөлек бөбекжай-бағы» МКҚК ӘШБ бойынша меңгеруші орынбасары;
ІІІ орын - Байымбетова Гүлсім Әлібекқызы, Қ. Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясының еңбекті қорғау инспекторы, Қызылорда қаласы.
Байқау ережелеріне сәйкес жоғарыда аталған жеңімпаздар Салалық кәсіподақтың Дипломдарымен, ақшалай сыйақыларымен марапатталды.
Байқаудың белсенді қатысушылары да назардан тыс қалмады, оларға Салалық кәсіподақтың Алғыс хаттары мен ақшалай сыйақылары табыс етілді.
Іс-шараны қорытындылай отырып, Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева байқаулардың қатысушыларына алғысын білдіріп, жеңімпаздарды құттықтады.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағы баспасөз қызметі
-
Фото
-