Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашеваның Жеңіс күнімен құттықтауы
ҚАДІРЛІ ДОСТАР!
Сіздерді қастерлі мереке 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Баршамыз үшін бұл күннің орны да, орайы да бөлек. Біз осынау бейбіт күннің алауын жағып, ашық аспан сыйлаған батыр бабаларымыздың ерлігіне мәңгілік қарыздармыз. Сұрапыл соғыс алаңында ерліктің ерен үлгісін танытып, қан майданда қасық қаны қалғанша күрескен боздақтарымыздың есімі ұмытылмайды.
Жеңіс күні – Отан соғысының оқ бораған даласында отқа түсіп, жанқиярлықпен қаза тапқан батырларымыздың ерлігін еске алып, қатары азайып бара жатқан соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсететін ұлы күн! Тарихи күнде көрсеткен өрліктеріңіз бен бейбіт еңбектегі қалдырған іздеріңіз бүгінгі ұрпаққа өнеге.
Баршаңызды бүгінгі қастерлі мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке тілеймін!
Әрдайым аспанымыз ашық, таңымыз жарық, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!
Мереке құтты болсын!
Ізгі тілекпен,
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы
Айгүл Мұқашева