ОТЧЕТНО-ВЫБОРНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ КЫЗЫЛОРДИНСКОЙ ОБЛАСТНОЙ ОРГАНИЗАЦИИ
Ағымдағы жылдың 6 мамыры күні «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің XXX есеп беру-сайлау конференциясы конференциясы болып өтті.
Конференцияға Қазақстандық оқу – ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының төрайымы Мұқашева Айгүл Мақсатқызы, Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығы, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Нәлібаев Мақсұт Ыбрайханұлы, Қазақстандық оқу – ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының бөлім басшысы Қыдырбаева Райхан Мамашиқызы, Қоғам қайраткері, сала ардагері Байназарова Райкүл Мансұрқызы, Қызылорда облыстық Білім басқармасының басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлы, Облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Даулетова Ғалия Ноғайқызы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы-ректоры Бейбіткүл Сәрсемханқызы, «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша кәсіби институтының директоры Елеусінов Бауыржан Тәжімағанбетұлы, сонымен қатар, көршілер орналасқан бірқатар облыстар мен қалалардың кәсіподақ төрағалары, сондай-ақ, кәсіподақ комитетінің аумақтық филиалдарының төрағалары, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері, ардагер педагогтар мен кәсіподақ мүшелері, БАҚ өкілдері мен жастар қатысты.
Конференцияның күн тәртібінде маңызды мәселелер қаралды:
✓ Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Қызылорда облыстық ұйымының 2020-2024 жылдар аралығындағы есебін тындау;
✓ Бақылау-тексеру комиссиясының 2020-2024 жылдары атқарған жұмысы туралы;
✓ Қызылорда облыстық кәсіподақ ұйымының Басқару органдарын сайлау;
✓ Облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасын сайлау;
✓ Облыстық кәсіподақ ұйымының Кеңес құрамын сайлау;
✓ Облыстық кәсіподақ ұйымының Бақылау-тексеру комиссиясын сайлау;
✓ Салалық кәсіподақтың орталық комитеті құрамына мүшелерді сайлау;
✓ Салалық кәсіподақтың XV Cъезіне делегаттар сайлау;
✓ «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымы» ҚБ-нің Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы.
Жиынды Қазақстандық оқу – ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының төрайымы Мұқашева Айгүл Мақсатқызы ашып, oқу-ағарту қызметкерлері кәсіподағының бірінші съезі Қызылорда қаласында өткізілгеніне ерекше тоқталып, Сыр елінде ұйымдастырылған бұл конференцияның маңыздылығын атап өтті. Конференция тізгінін алған Айгүл Мақсатқызы күн тәртібіндегі барлық сұрақтар бойынша модераторлық жасап, барлық шешімдердің «ашық» дауыс беру арқылы жүргізілетінін жіті қадағалап, басшылық етті.
Жиын барысында Білім басқармасының басшысы Асқарбек Темірбекұлы сөз сөйлеп, Басқарманың басты әлеуметтік әріптес ретінде кәсіподақ ұйымымен қашанда қоян-қолтық жұмыс жасап, бірлескен жобалар жүзеге асыруға үнемі қолдау көрсетіп келе жатқанын тілге тиек етті. Сонымен қатар, кәсіподақтың мүмкіндіктерін кеңейтіп, әлеуметтік институттар жүйесіндегі рөлін нығайтуға ерекше назар аударылатынын жеткізіп, бірқатар ұсыныстарын ортаға салды. Сондай-ақ, басқарма басшысы тарапынан өзара әріптестік ынтымақтастық орнатып, ортақ іске жұмылу дәстүрі де жалғасатыны және бірлескен жобалардың жүзеге асырылатыны айтылды.
Конференция делегаттары күн тәртібіндегі барлық сұрақтар мен жарыссөзге шығып сөйлеушілердің ұсыныс-пікірлерін бірлесе талқылап, облыстық кәсіподақ ұйымының есепті мерзімінде атқарған жұмысына «қанағаттанарлық» деген баға берді.
Нәтижесінде, делегаттардың бірауыздан ашық дауыс беруімен Қызылорда облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасы болып Есқалиева Гүлнар Бабабекқызы қайта сайланды.
Бұған қоса, Бақылау тексеру-комиссиясының жаңа құрамы бекітіліп, Салалық кәсіподақтың Орталық комитеті құрмының мүшелері, сондай-ақ, Салалық кәсіподақтың XV Cъезіне делегаттар сайланды.
Алқалы жиында ұйымның алдағы міндеттері айқындалып, атқарылуы тиіс шаралардың жоспары пысықталды.
-
Фото
-