АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ VI ЕСЕП БЕРУ - САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
2024 жылдың 14-15 мамыры күндері Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағының VI есеп беру - сайлау Конференциясы өтті.
Конференцияға елорданың білім беру мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан 69 делегат сайланды.
Конференция жұмысына: Астана қаласы мәслихатының депутаты Д. Г. Лория, Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қ. С. Сенғазыев, Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық Кәсіптік одағының төрайымы А. М. Мұқашева, Астана қаласының аумақтық Кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары К. Н. Сұлтаналин, Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлері Кәсіподағының төрайымы Г. А.Наурызбаева, елорданың кәсіподақ қозғалысының ардагерлері қатысты.
Конференция жұмысы екі күнге бөлінді.
Делегаттар Конференцияның бірінші күні Кәсіподақ төрағасы Батыр Әлиұлы Әлиевтің «Кәсіподақ кеңесінің 2019-2024 жылдардағы жұмысы туралы» баяндамасын және бақылау-тексеру комиссиясының төрайымы Макаренко Лада Михайловнаның есепті кезеңдегі баяндамасын тыңдады. Кәсіподақ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар енгізілді.
Өз сөзінде Б. А. Әлиев Кәсіподақ қызметінің барлық бағыттары бойынша 5 жыл ішінде Кәсіподақтың атқарған жұмысы және Кәсіподақтың алдында тұрған міндеттері туралы баяндады.
Конференция жұмысының екінші күні 2024-2029 жылдарға арналған Кәсіподақ бағдарламасын бекітті. Ол Кәсіподақтардың жарғылық мақсаттары мен міндеттерінің, білім мен ғылымды дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының, ҚР «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» заңдарының орындалуын атап өтті. Сондай-ақ, делегаттар Кәсіподақ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
Конференцияға барлық делегаттар белсенді қатысты. Конференция барысында делегаттар мен қонақтар Кәсіподақ жұмысы туралы оң пікірлер айтып, жылы лебіздерін жеткізді. Әрбір бастауыш ұйымға олардың еңбек ұжымдарындағы қызметін одан әрі жетілдіру, кәсіподақ мүшелерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша нақты міндеттер тапсырылды.
Делегаттар Әлиев Батыр Әлиұлының кандидатурасын қолдап, бірауыздан Кәсіподақ төрағасына сайлады.
Конференция Қалалық Комитет пен бақылау-тексеру комиссиясы мүшелерінің жаңа құрамын сайлады. Сонымен қатар, Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының XV Съезіне делегаттар сайлады.
Конференция соңында Кәсіподақ белсенділері Астана қаласы білім басқармасының Алғыс хаттарымен, «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
-
Фото
-