⚠️🔊🔊🔊 ПЕДАГОГТАР НАЗАРЫНА!
Салалық кәсіподаққа әлі күнге дейін сала қызметкерлерінен МӘМС мәселесіне қатысты сұрақтар түсуде. Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағы осы сұрақ бойынша 2023 жылдың 16 қазанында ҚР Денсаулық сақтау министріне хат жолдап, ресми жауап алды.
МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша ақылы еңбек демалысы кезеңінде педагогтардың сақтандыру мәртебесін сақтау мәселесі бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің түсіндірмесін жариялаймыз.
Салалық кәсіподақ пен оның мүшелік ұйымдары білім басқармаларымен бірлесіп білім беру ұйымының есепшілеріне ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми хатында белгіленген МӘМС қорына жарна сомасын ай сайын аудару тәртібі туралы түсіндіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізді.
-
Фото
-