Ақылы еңбек демалысы кезеңіне келетін «Құрбан айт» күніне қатысты
ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 84-бабының 5 – тармағына сәйкес мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар-православиелік Рождество қолданылатын жұмыс режимдеріне және ауысымдық кестелерге қарамастан, демалыс күндері болып табылады.
Кодекстің 90-бабының 1-тармағына сәйкес жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығы, қолданылатын жұмыс режимдері мен ауысымдық кестелерге қарамастан, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы күндеріне тура келетін мереке күндері есепке алынбай, күнтізбелік күндермен есептеледі.
Құрбан айттың бірінші күні, яғни 17 маусым «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік және ұлттық мерекеге жатпайды, бірақ демалыс күні деп танылады.
Осылайша, егер бұл күн ақылы еңбек демалысы кезеңіне түссе, онда демалыс бір күнге ауыстырылмайды немесе ұзартылмайды.