Салалық кәсіподақ өкілдері Халықаралық еңбек конференциясының 112-ші сессиясына қатысуда
Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы делегациясының құрамында ҚРКФ төрағасы С. Дәулеталиннің басшылығымен Салалық кәсіподақ өкілдері Женевада өтіп жатқан Халықаралық еңбек конференциясының 112-ші сессиясының жұмысына қатысуда.
Конференцияға үкіметтердің, кәсіподақтардың және жұмыс берушілер ұйымдарының атынан 187 елдің делегаттары қатысып отыр. Делегаттар алдында ХЕҰ Бас директоры Гилбер Хунгбо «Жаңартылған қоғамдық келісімге жету жолында» тақырыбында баяндама жасайды.
Сондай-ақ, ХЕҰ-ның 112-ші сессиясының күн тәртібіне сәйкес күтім экономикасы, еңбек саласындағы биологиялық қауіптілік факторлары және еңбек саласындағы негізгі құқықтар мен қағидаттарды сақтау мәселелері қаралатын болады.
-
Фото
-