САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін Астанада Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының Атқару комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті. Жиынды Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева ашып, жүргізіп отырды.
Атқару комитеті Салалық кәсіподақ қызметіне қатысты бірқатар маңызды мәселелерді қарастырды:
Кәсіподақтың 2023 жылы кәсіподақ мүшелерінің салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс қорытындылары туралы;
«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі заңнаманы қадағалауға, білім және ғылым саласы қызметкерлері үшін заманауи қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасауға қоғамдық бақылау тиімділігін арттыру жөніндегі жұмысы және бухгалтерлік есеп жүргізу жағдайы туралы;
Республикалық салалық кәсіподақ қозғалысының 100 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар туралы;
Кәсіподақ ұйымдарының 2023 жылғы ұжымдық-шарттық жұмысының қорытындысы туралы;
Атырау облыстық кәсіподақ ұйымында ақпараттық жұмысты ұйымдастыру туралы;
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының қазақша күресінен «Кәсіподақ барысы» республикалық турнирі туралы
Марапаттау туралы және т.б.
Талқыланған барлық сұрақтар бойынша ақпараттар тыңдалды.
Кәсіподақ қызметінің маңызды бағыты - кәсіподақ мүшелерінің қауіпсіз еңбекке құқықтарын сенімді қорғауды қамтамасыз ету болып қала береді.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек ұжымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі 8023 өндірістік кеңес жұмыс істейді, оның ішінде 7918 –ін құруға кәсіподақ ұйымдары бастамашылық еткен.
2023 жылы 8124 техникалық инспектор бақылауды жүзеге асырды, олар 4320 тексеру жүргізіп, 1411 заңбұзушылықты анықтады.
Анықталған заңбұзушылықтар құрылымында 28,4% (401 - ) қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша, 21% (295) - ұжымдық және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету бойынша басым үлеске ие.
Кәсіподақтың мүшелік ұйымдарының басшылық органдарына қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықтарын қорғау және еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты жандандыру жүктелді.
Барлық деңгейдегі кәсіподақ органдарының алдына жасалатын ұжымдық шарттардың санын көбейтумен қатар олардың сапасын арттыруға қол жеткізу, осы құқықтық актілерге кәсіподақ мүшелері – қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерінде үлкен әлеуметтік бағыт пен маңыздылық беру, Тараптар алған міндеттемелердің орындалуына пәрменді бақылауды қамтамасыз ету міндеті қойылды.
Салалық ұйымдардың ұжымдық шарттарының мазмұнына жүргізілген талдау олардың көпшілігінде еңбек ұжымдарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі шаралармен қатар өмір сүру деңгейін, жұмыспен қамтуды, еңбекті қорғауды, жалақыны уақытылы төлеуді, қызметкерлер мен олардың балаларын сауықтыруды арттыру жөніндегі шаралар көзделгенін көрсетті.
Есепті жылы салалық деңгейде жұмыскерлер үшін еңбек жағдайларын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу бойынша әлеуметтік әріптестік туралы екі Келісім жасалды:
-Ғылым және жоғары білім саласында;
-оқу-ағарту саласында.
Қазіргі уақытта Кәсіподақтың барлық мүшелік ұйымдарының өңірлік деңгейде білім басқармасы органдарымен жасалған тиісті келісімдері бар.
Осылайша, 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша білім, ғылым және жоғары білім салаларында барлығы 120 келісім жұмыс істейді, оның ішінде:
- республикалық деңгейде - 2;
- облыстық, республикалық маңызы бар қалаларда, Астанада-19;
- облыстық маңызы бар қалалар мен аудан деңгейінде-99.
Кәсіподақта 8392 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар.
Кәсіподақта 8392 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымдары жасаған ұжымдық шарттардың саны - 8355 (8640) құрайды. Есепті жылы – 1314 (1602) ұжымдық шарт жасалды. 1509 ұжымдық шарттың қолданысы ұзартылды. 37 ұжымдық шарт бойынша келіссөздер жүргізілуде.
Салалық кәсіподақ төрағасы А,Мұқашева келісімдер мен ұжымдық шарттар талаптарының орындалуын бақылау барлық деңгейдегі кәсіподақ органдардың басым міндеті болып қала беретінін ерекше атап өтті.
Төраға орынбасары В.Беженаров әлеуметтік әріптестік саласындағы кәсіподақтардың қызметін ақпараттық сүйемелдеуді күшейту қажеттігіне назар аударды.
Атқару комитетінің отырысы іскерлік және сындарлы жағдайда өтті. Барлық сұрақтар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фото
-