САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ XV СЪЕЗІ ЖҰМЫСТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАП, КЕЛЕШЕККЕ МЕЖЕЛІ МІНДЕТТЕР БЕЛГІЛЕДІ
Бүгін Астанада Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының кезекті XV Съезі өтті. Соңғы бес жылдағы кәсіподақ жұмысының негізгі қорытындылары шығарылды, білім және ғылым жүйесіндегі әлеуметтік-экономикалық жағдай талқыланды, ұйымның 2029 жылға дейінгі даму жоспарлары ортаға салынды. Кәсіподақтың аумақтық ұйымдары атынан Съезге 126 делегат қатысты.
Съезд қонақтары: ХЕҰ еңбекшілер қызметі жөніндегі бюросының Еуропа және Орталық Азия секторы меңгерушісі Сергиус Гловацкас, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің аппарат басшысы Әбілмәжінов Тимур Темірғалиұлы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің аппарат басшысы Қожахмет Мадияр Дүйсенбайұлы, «Парыз» ұлттық жұмыс берушілер Конфедерациясы Бас директорының орынбасары Әбікенова Шолпан Кәкімжанқызы, ҚРКФ төрағасы Дәулеталин Сатыбалды Телағысұлы делегаттар алдында сөз сөйледі.
ХЕҰ еңбекшілер қызметі жөніндегі бюросының Еуропа және Орталық Азия секторы меңгерушісі С. Гловацкас Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының жұмысын жоғары бағалады. ХЕҰ өкілі Салалық кәсіподақтың Халықаралық еңбек ұйымымен ынтымақтастығы қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті.
Съезде сөз сөйлеген ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Салалық кәсіподақтың есепті кезеңде атқарған үлкен жұмыстары туралы айтты.
«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағы ҚР Кәсіподақтар федерациясының негізі болып табылады. Есепті кезеңде Салалық кәсіподақ педагогтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда және олардың мәртебесін көтеруде көптеген жетістіктерге жетті. Сіздердің Салалық кәсіподақтарыңыз елдегі кәсіподақ қозғалысының дамуына үлкен үлес қосып отыр», - деді С.Дәулеталин.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысы Т. Әбілмажинов Салалық кәсіподақтың сала қызметкерлерінің жағдайын нығайтуға, неғұрлым тартымды және икемді еңбек жағдайларын жасауға мүмкіндік беретін шешімдерді әзірлеуге қосқан үлесін атап өтті.
«Сіздердің бірлестігіңіз азаматтық қоғамның жетекші институттарының қатарына кіреді, орындайды, сала қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғауда жауапты миссияны орындайды. Кәсіподақтар жұмыскерлер мен жұмыс берушілер арасындағы қарым - қатынасты реттеуде маңызды рөл атқарады», - деді өз сөзінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі аппаратының басшысы М.Қожахмет.
«Парыз» ұлттық жұмыс берушілер Конфедерациясы Бас директорының орынбасары Ш.Әбікенова Қазақстандық салалық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағы басқа Кәсіподақтар үшін үлгі болып табылатынын тілге тиек етті.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының Орталық Комитетінің 2019-2023 жылдардағы қызметі туралы есепті баяндамамен Кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева сөз сөйледі. Съезд делегаттарына кәсіподақтың алдынғы XIV Съездің шешімдерін орындауда атқарылған жұмыстары және қол жеткізілген нәтижелер туралы ақпарат берілді. А. Мұқашева кәсіподақты одан әрі дамытудың стратегиясы мен тактикасын, кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау ісінде кәсіподақ органдары жұмысының тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар ұсыныстар енгізді.
Бақылау-тексеру комиссиясының есебін Комиссия төрағасы Тарбия Баймбетова таныстырды.
Съезд делегаттары бірауыздан Орталық Комитеттің жұмысына қанағаттанарлық деген баға берді.
Талқылау қорытындысы бойынша Съезде «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының 2024-2029 жылдарға арналған бағдарламасы» қабылданды.
Съезд кәсіподақтың Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, оның жаңа редакциясын бекітті.
Делегаттардың дауыс беру нәтижелері бойынша алдағы бес жылдық мерзімге Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы болып Мұқашева Айгүл Мақсатқызы сайланды.
Делегаттар кәсіподақтың 5 мүшесінен тұратын Бақылау-тексеру комиссиясын сайлады.
Уақыттың сын-тегеуріндеріне жауап бере отырып, кәсіподақ әлеуметтік әріптестікті дамытудың, кәсіподақ оқытуын ұйымдастырудың, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының рөлін арттырудың, кәсіподақ мүшелерін қорғау қызметін күшейтудің, ұйымдастырушылық және ақпараттық жұмысты жетілдірудің жаңа форматына көшеді.
Салалық кәсіподақтың XV съезінің қорытынды құжаттары жақын арада сайтта жарияланатын болады.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фото
-