КӘСІПОДАҚ ТҮСІНДІРЕДІ
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің (бұдан әрі – ҚР ЕК) 181-бабы 2-тармағы 3)-тармақшасына сәйкес жұмыскер міндетті алдын ала және мерзімдік медициналық қарап-тексерулерден, сондай-ақ, ауысым алдындағы және өзге де медициналық куәландырудан өтуге міндетті.
ҚР ЕК 182 – бабы 2-тармағы 17)-тармақшасымен жұмыс беруші келісімде, ұжымдық шартта, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, сондай-ақ еңбек жағдайлары өзгерген басқа жұмысқа ауыстырған не кәсіптік аурудың белгілері пайда болған кезде жұмыскерлерді міндетті, мерзімдік (еңбек қызметі барысында) медициналық қарап-тексерулерден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өз қаражаты есебінен өткізуге міндетті екіндігі айқындалған.
ҚР ЕК 125-бабына сәйкес ҚР ЕК-де не ұжымдық шартқа сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебінен мерзімдік медициналық қарап-тексеруден өтуге міндетті жұмыскерлердің олардан өткен уақытта жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады.
Салалық деңгейде оқу-ағарту қызметкерлері үшін еңбек жағдайын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған Әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісімнің 10.17-тармағы және Ғылым және жоғары білім қызметкерлері үшін еңбек жағдайын, жұмыспен қамту және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөнінде 2023-2026 жылдарға арналған Әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісімнің 10.14-тармағына сәйкес жұмыс берушілер қызметкерлердің жұмыс орындары (лауазымдарын) мен орташа жалақыларын сақтай отырып, тегін міндетті алдын ала және мерзімді медициналық тексеруден өтуін қамтамасыз етуге міндеттемелерді қабылдайды.
Міндетті мерзімдік медициналық қарап-тексерулер жұмыс істейтіндердің денсаулық жағдайын динамикалық бақылауды қамтамасыз ету, аурулардың бастапқы белгілерін уақтылы анықтау, жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу және инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жүргізіледі (Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығының (бұдан әрі-Бұйрық) 10-тармағы).
Бұйрықтың 11-тармағына сәйкес жыл сайынғы мерзімдік қарап-тексеру – жылына 1 рет өткізіледі.
-
Фото
-