⚠️ АҚПАРАТ ҮШІН
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтардың еңбегіне ақы төлеу жүйесін жетілдіру мақсатында 2024 жылғы 6 мамырдағы № 79-VIII ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 52- бабы 6- тармағына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, немесе мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ғылыми-педагогикалық қызметін жүзеге асыратын дәреже (ғылыми дәреже), ғылыми атағы бар педагогтарға, тиісті дипломы немесе білім туралы құжатты тану туралы куәлігі болған кезде негізгі жұмыс орны бойынша ай сайын қосымша ақы белгіленеді.
-
Фото
-