«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ-2024»: САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ НАУҚАНЫН ҚОЛДАЙДЫ
Елімізде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық науқаны басталды. Қазақстандық салалық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағы жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында тұрақты түрде аталған науқанға белсенді қатысады.
Науқанның мақсаты - аз қамтылған, толық емес отбасылардан шыққан оқушыларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім балаларды оқу жылына дайындауға материалдық көмек көрсету.
Салалық кәсіподақ науқан аясында табыс деңгейі төмен кәсіподақ мүшелерінің балаларына биыл да материалдық қолдау көрсететін болады.
Кәсіподақ бюджетінен бөлінетін қаражат мектеп формасын, спорттық костюмдер, кеңсе тауарларын, оқушылардың жылы киімдері мен күзгі-қысқы аяқ киімдерін сатып алуға жұмсалпды.
«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық науқанын өткізу мейірімділік идеясын, өзара көмек пен қолдау шапағатын таратады, адамдарды жағымды іс-әрекеттер мен шараларды жүзеге асыруға бастайды. Науқан аясындағы қайырымдылық шаралары 30 қыркүйекке дейін жалғасады.
Қазақстандық салалық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының баспасөз қызметі