САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ ЖОЛДАУ БАСТАМАЛАРЫН ҚОЛДАЙДЫ
Орталық аппарат қызметкерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады.
Елдегі ең үлкен үкіметтік емес ұйым –оқу ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының өкілдері Президент Жолдауының әлеуметтік блогының тезистерін талқылады.
Жолдау барысында Президент Қ.Тоқаев мемлекет дамуының негізгі сыртқы саяси, экономикалық және әлеуметтік векторларына тоқталды. Саяси құжатта білім беру сапасын жақсартуға ерекше назар аударылды.
Мемлекет басшысы мектептердің жұмысын жақсарту шараларымен қатар мұғалімдердің біліктілігін арттырға және әлеуметтік мәртебесін көтеруге көңіл бөлу қажеттігін ерекше атап өтті.
Жастарды сапалы біліммен қамтамасыз ету және білікті мамандарды даярлау әрқашан мемлекеттің назарында. Бұл тұрғыда мұғалімдер маңызды рөл атқарады.
«Оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподағы Жолдауда қозғалған басым бағыттарды қолдайды. 600 мыңға жуық кәсіподақ мүшесін біріктіретін Педагогтар кәсіподағы әр кәсіподақ мүшесіне Президент Жолдауында жүктеген міндеттерді түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізетін болады», – деп атап өтті Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі