Нормативтік оқу жүктемесімен қамтамасыз етілмеген педагогтарға төленетін еңбекақының көлемі туралы
Нормативтік оқу жүктемесімен қамтамасыз етілмеген педагогтарға төленетін еңбекақының көлемі туралы.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік ұйымдар педагогтарының жалақысын есептеу қағидаларының 17-тармағына сәйкес нормативтік оқу жүктемесі қамтамасыз етілмеген педагогтарға айына тарифтік мөлшерлеме толық көлемде, қосымша педагогикалық жұмыспен белгіленген нормативтік оқу жүктемесін келесі жағдайларда толықтырғанда, есептеледі:
1) педагог-мамандарға көркем еңбек, музыка және дене шынықтыру сабақтарын беру үшін жағдай жасалған жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып педагогтарына;
2) денсаулық жағдайы және басқа да себептер бойынша дене тәрбиесі және музыка сабақтарын жүргізе алмайтын жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып педагогтарына;
3) өздерінің даярлығы салдарынан шет/қазақ/ орыс тілі сабақтарын жүргізе алмайтын шет тілін тереңдетіп оқытатын мектептердің бастауыш сынып педагогтарына, қазақ және басқа да ұлттық (орыс емес) тілдерінде оқытатын ауыл мектептерінің педагогтарына;
4) орыс және басқа да ұлттық (қазақ емес) оқыту тілдері бар ауыл мектептерінің қазақ тілі педагогтарына;
5) қазақ және басқа да Ұлттық (орыс емес) тілде оқытатын ауылдық бастауыш мектептердің орыс тілі педагогтарына;
6) шалғай жерлерде орналасқан, ауыл мектептерінің дене шынықтыру педагогтарына, мектептердің шет тілі педагогтарына келесі міндеттер жүктелген кезде:
- дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру (дене шынықтыру педагогтары үшін);
- жазбаша жұмыстарды тексеру, сынып басшылығы бойынша (шет тілі педагогтары үшін).
Қосымша педагогикалық жұмысқа денсаулық жағдайы бойынша мектепке барудан босатылған оқушылармен үйде сабақ өткізу, уақытша болмаған педагогтарды ауыстыру, ұзартылған күн тобындағы тәрбие жұмысы, оқу-тәрбие жұмысын жүргізу жатады.
Білім беру ұйымының басшыларына білу маңызды!
Жоғарыда көрсетілген Қағидалардың 14-тармағына сәйкес оқу жүктемесінің көлемі тарифтеуден кейін өзгере алады, бұндай жағдайда, еңбек шартына қосымша келісім жасалып, жүктемені өзгерту туралы бұйрық шығарылып, тарифтеу тізіміне өзгерістер енгізу жүргізіледі!
-
Фото
-