САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСІНІҢ ОНЛАЙН-ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін, 11 қыркүйекте, ZOOM платформасында Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Айгүл Мұқашеваның қатысуымен Салалық кәсіподақтың Жастар ісі жөніндегі кеңесінің онлайн-отырысы өтті.
Жастар ісі жөніндегі кеңес төрағасы Р.Беишовтің Кеңестің 2020-2024 жылдарда атқарған жұмысы туралы ақпараты тыңдалды.
Кәсіподақ жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің жаңа құрамы бекітілді. Дауыс беру нәтижесінде Орталық аппараттың бас маманы А.Бітімбай Салалық кәсіподақтың Жастар ісі жөніндегі кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Салалық кәсіподақтың жастар ісі жөніндегі Кеңесінің 2024-2025 жылдарға арналған негізгі іс-шаралар жоспары қаралды.
Кеңес жұмысының соңында Жастар кеңесінің мүшелері Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.