САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ ОРТАЛЫҚ КОМИТЕТІ ПЛЕНУМЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ
Бүгін, 20 қыркүйек күні, Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының Орталық комитеті Пленумының отырысы өтті, оның негізгі мәселесі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын талқылау болды. Пленум жұмысына Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл мұқашева бастаған Орталық комитет мүшелері қатысты.
«Қ.К. Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын кәсіподақ органдарының міндеттері туралы» Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева баяндама жасады.
А.Мұқашева Салалық кәсіподақ азаматтық қоғамның ажырамас бөлігі бола отырып, ҚРКФ құрамындағы ең үлкен мүшелік ұйым ретінде Мемлекет басшысының жаңа Жолдауында ұсынған барлық бастамаларын қолдайтынын атап өтті.
«Жолдауда білім беру жүйесін реформалауға және елдің кадрлық әлеуетін нығайтуға байланысты мәселелерге ерекше назар аударылды. Президент 2025 жылдың маңыздылығына тоқталып, келер жылды – «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялад. Бұл жылда жалпы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалау қажеттігін атап өтті», - деді А.Мұқашева.
«Сіз бен біз саладағы кез келген өзгерістер еңбек жағдайларының өзгеруіне әкелетінін, қызметкерлердің әлеуметтік әл-ауқатына әсер ететінін түсінеміз. Осыған байланысты барлық деңгейдегі кәсіподақ органдарының алдына кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуының алдын алу міндеті қойылады. Жүргізіліп жатқан реформалар басқа мақсаттармен қатар педагогтар мен ғылыми қызметкерлердің мәртебесін нығайту, олардың еңбек жағдайларын жақсарту және әлеуметтік-экономикалық қамтамасыз ету деңгейін арттыру мақсаттарын қамтамасыз етуі тиіс», - деп қосты ол.
Өз сөзінде Айгүл Мұқашева әріптестерінің назарын Мемлекет басшысының АЭС салу бойынша референдум өткізу туралы бастамасының маңыздылығына аударды және оларды ҚРКФ Атқару комитетінің үндеуін қолдауға, алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Сөз соңында Кәсіподақ басшысы барлық деңгейдегі кәсіподақ органдары төрағаларының алдына кәсіподақ қызметін одан әрі жетілдіру және кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша бірқатар міндеттер қойды.
Орталық Комитет мүшелері Жолдауды талқылауға белсенді қатысты. Павлодар облыстық ұйымының төрағасы Г.Науразбаева, Жамбыл облыстық ұйымының төрағасы Е.Мағзымбеков және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университететінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Л.Әділбековалар Президенттің Жолдауын қолдап, сөз сөйледі.
Отырыс барысында Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының Атқару Комитетінің құрамы сайланды. Сонымен қатар Салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары лауазымына В.Беженаров және қоғамдық негізде кәсіподақ төрағасының орынбасары болып Б.Әлиев сайланды.
Салалық кәсіподақ төрағасы Пленум жұмысын қорытындылап, Атқару комитетінің жаңа мүшелері мен төраға орынбасарларыына алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фото
-