АТҚАРУ КОМИТЕТІ КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ҚАРАСТЫРДЫ
Бүгін Салалық кәсіподақтың XV съезінен кейінгі жаңа құрамдағы Атқару комитетінің бірінші отырысы өтті.
Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева бастаған Атқару комитетінің мүшелері күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді егжей-тегжейлі талқылады:
Қарағанды облыстық кәсіподақ ұйымында ақпараттық жұмысты ұйымдастыру туралы;
Қызылорда облыстық кәсіподақ ұйымында еңбек занамасының орындалуына қоғамдық бақылау және құқық қорғау жұмысын ұйымдастыру туралы;
Жетісу облыстық кәсіподақ ұйымының қоғамдық бақылау тиімділігін арттыру және қызметкерлерді құқықтық қорғау жөніндегі жұмысы туралы;
Орталық Комитеттің, Атқару Комитетінің қаулыларын және өздерінің шешімдерін бақылау және орындау жөніндегі Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымының жұмыс жағдайы туралы;
Құжат айналымын цифрлық форматқа көшіру жұмыстарының жай-күйі және кәсіподақ органдарының Кәсіподақта іс жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі шешімдерінің орындалуы туралы және т.б.
Салалық кәсіподақтың мүшелік ұйымдары басшыларының ақпараттарын тыңдап, талқылағаннан кейін Атқару Комитеті кәсіподақ органдарына ақпараттық жұмысты одан әрі жетілдіру, кәсіподақ активін оқыту, құқық қорғау қызметін ұйымдастыру бойынша жұмысты жандандыруды, білім беру ұйымдарында жұмыс берушілердің еңбек заңнамасының орындалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру жөнінде қосымша шаралар қабылдауды, жүргізілетін тексерулердің сапасы мен тиімділігіне ерекше назар аударуды тапсырды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша Атқару комитетінің мүшелерінен келіп түскен барлық ұсыныстарды ескере отырып, тиісті қаулылар қабылданды.
Отырыс жұмысын аяқтай отырып, Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева әріптестеріне күн тәртібіне қойылған мәселелерді белсенді талқылағандары үшін алғысын білдірді, сондай-ақ қойылған міндеттерді орындау үшін ортақ күш-жігерді біріктіру қажеттігін атап өтті.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фото
-