Қандай жағдайларда педагогтардың біліктілік санатының қолданылу мерзімі ұзартылады?
Педагогтардың біліктілік санатының қолданылу мерзімі қандай жағдайларда және қандай тәртіппен ұзартылады?
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген Педагогтарды аттестаттаудан өткізу Қағидалары мен шарттарының 59-тармағына сәйкес жүктілігі және босануы, бала күтімі жөніндегі демалыстан шыққаннан кейін, оның ішінде жаңа туған баланы асырап алған қызметкерлер үшін, бала үш жасқа толғанға дейін педагогтардың өтініші негізінде біліктілік санаты екі жылдан аспайтын мерзімге келесі жағдайларда ұзартылады:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен " (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-108/2020 бұйрығы) әлеуметтік мәні бар аурулар мен айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар тізбесіне енгізілген аурулар бар болған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық кезінде;
2) жүктілігі және босануы, бала күтімі жөніндегі демалыстан шыққаннан кейін, оның ішінде жаңа туған баланы асырап алған қызметкерлер үшін ол үш жасқа толғанға дейін;
3) білім беру саласындағы уәкілетті органнан, білім беруді басқару органдарынан, әдістемелік кабинеттерден (орталықтардан), педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымдарынан, біліктілікті арттыру институттарынан білім беру ұйымдарына ауысқан тұлғаларға;
4) педагогикалық қызметті жүзеге асырған және Қазақстан Республикасына жақын және алыс шет елдерден келген тұлғаларға;
5) егер педагогтың біліктілік санатының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бір жыл қалса, ал педагог Қазақстан Республикасының ішінде басқа білім беру ұйымына ауысса.
Біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу үшін педагог білім беру ұйымының басшысына біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы еркін нысанда өтініш береді.