ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ЖӨНІНДЕГІ САЛАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім саласындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Салалық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Салалық комиссияның отырысын Салалық комиссия төрағасының орынбасары – Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағы төрағасының орынбасары В.Ф.Беженаров жүргізді.
Салалық комиссия келесі мәселелерді қарастырды:
«Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Келісім тараптарының бірлескен іс-қимылдары туралы;
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру туралы:
«Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ;
«Х. Досмұхмедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ.
Салалық комиссияның күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау қорытындысы бойынша хаттамалық шешім қабылданды.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фото
-