Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашеваның Жоғары білім қызметкерлері күнімен құттықтауы
ҚАДІРЛІ ӘРІПТЕСТЕР!
Бүгін, 1 қазан – елімізде тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлері күні атап өтілуде.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағы атынан баршаңызды кәсіби төл мерекемен құтттықтаймын!
Жоғары білім саласы – ел ғылымы мен білімінің қарқынды түрде дамуына айрықша әсер ететін қозғаушы күш. Жаһандану мен индустрияландыру жағдайында экономиканың барлық салалары үшін білікті де білімді кадрлар даярлау, жоғары білім саласын дамыту бағытында атқарып жатқан сүбелі қызметтеріңізге табыс, шығармашылық шалқар шабыт, кәсіби өркендеу тілеймін!
Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман, жұмыстарыңыз жемісті болсын!