«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ-2024»: САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ НАУҚАНЫНА ҚАТЫСТЫ
2024 жылдың 1 тамыз – 30 қыркүйегі аралығында Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағы традиционно «Мектепке жол-2024» республикалық қайырымдылық науқанына қатысты.
Науқанның мақсаты - аз қамтылған, толық емес отбасылардан шыққан оқушыларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім балаларды оқу жылына дайындауға материалдық көмек көрсету.
Салалық кәсіподақ пен оның мүшелік ұйымдары барлығы 8748 оқушыға жалпы 118,5 млн теңгенің көмегін көрсетті.
Бөлінген қаражат мектеп формасын, спорттық костюмдер, кеңсе тауарларын, оқушылардың жылы киімдері мен күзгі-қысқы аяқ киімдерін сатып алуға жұмсалды.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі