Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашеваның Кәсіподақтар күнімен құттықтауы
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! АРДАҚТЫ КӘСІПОДАҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ!
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағы атынан және жеке өз атымнан сіздерді кәсіби төл мереке – Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Кәсіподақтар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, әлеуметтік әріптестік жүйесін нығайтып, еңбек ұжымдарында тұрақтылықты сақтауға сүбелі үлес қосуда.
Ғасырлық тарихы бар Салалық кәсіподақ пен оның мүшелік ұйымдары өздерінің басты миссиясы – кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғауды, әлеуметтік әріптестік қағидаттарын дәйекті және жүйелі іске асыруға жәрдемдесе отырып, еңбекақының лайықты деңгейін және қауіпсіз еңбек жағдайларын белгілеуге белсенді қол жеткізуде.
Кәсіби парызға адалдық танытып, кәсіподақ мүшелерінің игілігі жолында қажырлы қызмет етіп жүрген барша әріптесіме алғыс білдіремін. Еліміздегі кәсіподақ қозғалысының дамуына баға жетпес үлес қосқан ардагерлерімізге үлкен ризашылығымды жеткіземін, олардың теңдессіз тәжірибелері бүгінгі күні де жас кәсіподақ көшбасшыларының кәдесіне жарауда.
Қадірлі әріптестер! Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, кәсіподақ қатарының бірлігін, бейбіт заман мен айналаңызға амандық, жаңа жетістіктер тілеймін.
Құрметпен,
Салалық кәсіподақтың төрағасы
Айгүл Мұқашева