СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА БАСТАУЫШ ҰЙЫМ ҚҰРЫЛДЫ
Салалық кәсіподақтың 100 жылдық мерейтойы жылы аясында, Қазақстан Кәсіподақтары мерекесіне орай, Солтүстік Қазақстан облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіптік одағығына тағыда бір бастауыш кәсіподақ ұйымы қосылды, ол «Солтүстік Қазақстан кәсіптік даярлау және сервис колледжі» жеке мекмемесі.
Ұжымда 50-ге жуық қызметкер жұмыс істейді. Облыстық комитеттің қызметкерлері ұжым мүшелерімен кездесу барысында кәсіподақ жұмысының негізгі бағыттары, еңбек заңдылықтары, ұжымдық шарттың жасалу шарттары, 2024 – 2026 жылдарға жасалған Әлеуметтік әріптестік туралы өңірлік келісім, кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерінің қорғалуы және кәсіподақ мүшелеріне көрсетілетін жеңілдіктер мен қайырымдылық көмек түрлерін атап өтті.
Сонымен қатар, ұжымдағы жеке еңбек дауларының Келісу комиссиясы арқылы реттелуі мен еңбек қауіпсіздігін сақтау үшін өндірістік кеңестің құрылуы туралы ережелерді түсіндіріп, жаңадан құрылған бастауыш кәсіподақ ұйымына сәттілік тіледі.
Мекеме басшысы Хованский Н.П., кәсіподақ ұйымына өз алғысын білдіріп, колледжде ашылған бастауыш кәсіподақ ұйымы қызметкерлердің көңіл-күйіне ғана емес, жұмыс сапасын арттыруға да себепші болатынына сенім білдірді.
Жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері мақсаттары мен міндеттері туралы өз ойларын ортаға сала отырып, кәсіподаққа деген сенімдерін білдірді.
Жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымына сәттілік пен бірлік тілейміз!