ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСПЕКТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР-КЕҢЕС
2024 жылғы 21 қазанда Семей қаласында Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғарғы білім қызметкерлері салалық кәсіподағының еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларына арналған «Білім беру ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестердің, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың қызметін жетілдіру» тақырыбында областық семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңес жұмысына Салалық кәсіподақ төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасары Б.Әлиев және бас маман-техникалық еңбек инспекторы А.Айтжанов қатысты.
Семинарды Абай облыстық ұйымының төрағасы С.Ибраев ашты.
Б.Әлиев еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне қатысты ҚР қолданыстағы заңнамаларының талаптары туралы, соның ішінде: еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңесті құру; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық ішкі бақылауды ұйымдастыру кезінде техникалық инспекторлардың құқықтары мен өкілеттіктерін айтып берді.
Семинар қатысушыларына техникалық инспекторлардың күнделікті жұмысын дұрыс қалыптастыруға көмектесетін іс-әрекеттердің қадамдық алгоритмі ұсынылды. Сонымен қатар, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыру және ұжымдық шартты, келісімді орындау кезінде анықталған неғұрлым кең таралған заңнама талаптарын бұзушылықтар талқыланды. Сондай-ақ семинар-кеңес қатысушыларының назарына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №1182 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2024–2030 жылдарға арналған қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы» ұсынылды.
Еңбек жағдайы мен еңбекті қорғауды жақсарту, өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету жөніндегі Абай облысы кәсіподақ ұйымының техникалық еңбек инспекция жұмысы бойынша бас маман Н.Абдулкаримова айтып өтті.
Семинар-кеңес соңында пікірталас сағаты болып, онда қатысушылар пікірлерімен және ақпараттармен алмасты, сондай-ақ қойылған сұрақтарға жауаптар алды.
-
Фото
-