ЕЛ ТАРИХЫНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ БІРДЕН ЕКІ МҰҒАЛІМ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ» АТАҒЫН ИЕЛЕНДІ
Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елдің әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін Алматы қаласы №4 арнайы мектеп-интернатының мұғалімі НҰРПЕЙІСОВА ГҮЛЖАН МОЛДАКЕРІМҚЫЗЫ, Орал қаласы А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының мұғалімі ТРАИСОВА ЭЛЬМАРА АСҚАРҚЫЗЫ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ» атағымен марапатталды.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағы атынан ұстаздарды мәртебелі марапаттарымен құттықтайміз!
Екі ұстаз да Салалық кәсіподақ мүшесі екенімен мақтанамыз. Ал, Траисова Эльмара Асқарқызы - Орал қаласы А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы.