КӘСІПОДАҚ ТӨРАҒАСЫ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ» МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТЫН ИЕЛЕНГЕН ПЕДАГОГПЕН КЕЗДЕСТІ
Республика күніне орай мемлекеттік марапаттарды тапсыру салтанатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев болашақтағы прогрессивті дамудың негізін құрайтын көп деңгейлі ұлттық білім беру жүйесін дамытудың ерекше маңыздылығын атап өтті.
Жыл сайын мемлекет тарапынан педагогикалық еңбекке көп көңіл бөлініп жатқанын атап өту қажет және Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет бірден екі мұғалім «Қазақстанның еңбек ері» жоғары атағына ие болғаны кездейсоқ емес. Бұл білім беру саласындағы оң өзгерістердің және қоғамдағы педагог мәртебесінің өсуінің көрсеткіші.
Салалық кәсіподақ төрағасы Президент Жарлығымен «Қазақстанның еңбек ері» атағын иеленген Орал қаласындағы А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының мұғалімі Эльмара Асқарқызы Траисовамен кездесті.
Эльмара Асқарқызы үлкен тәжірибесі бар мұғалім ғана емес (шамамен 35 жыл), сонымен қатар мектеп-гимназияның бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы.
Өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқытумен қатар, ол Батыс Қазақстан облысында кәсіподақ қозғалысының дамуына елеулі үлес қосып жүр.
Айгүл Мұқашева құрметті ұстазды лайықты жоғары мемлекеттік марапатымен құттықтап, Салалық кәсіподақ атынан еңбекте табыс, жарқын жетістіктер тіледі.
-
Фото
-