Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашеваның Республика күнімен құттықтауы
ҚАДІРЛІ ДОСТАР!
Баршаңызды еңселі мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл - егемен еліміздің шежірелі тарихындағы айтулы күн.
Татулықты ту еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын тұғырына айналған айшықты мереке ұлтымыздың еңсесін көтеріп, рухын асқақтатады.
Дамудың даңғыл жолына бағыт алған Ортақ отанымыздың болашағы баянды болсын!
Жарқын мерекеде Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық, игілік пен бақыт, ортаймас несібе-дәулет, елімізге тыныштық, береке-бірлік тілеймін!
Жаңа Қазақстанның қалыптасуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!
Құрметпен,
Қазақстандық оқу-ағарту,ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы
Айгүл Мұқашева