ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ – ДАМУ КЕПІЛІ
Бүгін Тараз қаласында «Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының жарғылық міндеттерді жүзеге асыру қызметінің тәжірибесі туралы» республикалық семинар-кеңесі болып өтті.
Семинар-кеңес жұмысына Салалық кәсіподақ төзрағасы Айгүл Мұқашева бастаған Орталық аппарат мамандары, Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы Б.Қарашолақов, Жамбыл облысы білім басқармасының басшысы Р.Садырқұлов, білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы М.Нысанбаев, кәсіподақтың мүшелік ұйымдараның жетекшілері мен өкілдері, Жамбыл облыстық ұйымының активі қатысты.
Республикалық шара Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева,Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы Б.Қарашолақов, Жамбыл облысы білім басқармасының басшысы Р.Садырқұловтың құттықтау сөздерімен ашылды.
Айгүл Мұқашева өз сөзінде Салалық кәсіподақтың мүшелік ұйымдары арасында қызметінің барлық бағыттары бойынша тәжірибесін таныстыруға арналған шараның өзектілігін тілге тиек етті.
«Салалық кәсіподақтың Жамбыл облыстық ұйымы құрамында 65 мыңға жуық сала қызметкері бар іргелі мүшелік ұйым. Жамбыл облыстық ұйымының тәжірибесі мүшелік ұйымдарға, барлық деңгейдегі Кәсіподақ органдарына заманауи талаптарға сай жұмыстың жаңа, тиімді формаларын іздеуге жол ашады деп сенеміз»,- деді А.Мұқашева.
Салалық кәсіподақ төрағасы кәсіподақ қызметін дамытуда, дәстүрлі жұмыс бағыттарымен бірге заманауи тетіктерді жетілдіру маңыздылығын атап өтті.
Жамбыл облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Е.Мағзымбеков ұйымның жарғылық міндеттері бойынша жалпы ақпарат берді.
Одан әрі ұйым қызметінің басым бағыттары бойынша мамандар өз тәжірибелерін таныстырды.
Жергілікті кәсіподақтың құқықтық қызметі мен әлеуметтік әріптестікті жүзеге асыру тәжірибесі туралы облыстық ұйымның құқықтық қызмет басшысы Ә.Джолшибекова, кәсіподақтық қаржылық қызметі мен саясатын жүзеге асыру жағдайы туралы Бақылау-тексеру комиссиясының мүшесі А.Құрмашева айтып берді.
Кәсіподақ филиалы: жарғылық мақсат-міндеттерді жүзеге асырудағы рөлі мен орны жайында - Т.Рысқұлов аудандық комитетінің төрағасы А.Баймұратова жеткізді.
Бастауыш кәсіподақ ұйымы – кәсіподақ жүйесінің іргетасы тақырыбында Тараз қаласы №17 балабақшасының БКҰ төрағасы В.Василевская сөйледі.
Семинар-кеңеске қатысушыларға Жамбыл облыстық кәсіподақ ұйымының қызметі туралы фильм көрсетілді.
Кәсіподақтың ақпараттық және оқу-әдістемелік саясатының негізгі бағыттары мен міндеттері, көрсеткіштері хақында «Еңбекші» салалық газетінің бас редакторы Б.Бекназаров баяндады.
Кәсіподақтық туризм, сала өкілдерін сауықтыру. Кәсіподақтық мүлікті иемдену мен басқару тәжірибесі туралы «Тараз-Профсоюз-Турист» ЖШС директоры Ж.Қойбағаров таныстырды.
Семинар-кеңеске қатысушылар ой-пікірлерімен, тәжірибелерімен алмасып, шараның маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті.
Семинар-кеңес жұмысының қорытындысында Айгүл Мұқашева семинар-кеңес ұйымдастырушыларына алғыс білдіріп, әлеуметтік әріптестер мен кәсіподақ белсенділерін марапаттады.
Түстен соң қонақтар Жуалы ауданындағы Б.Момышұлы музейі мен Ш.Мұртаза мемориалдық үйіне тарихи-танымдық саяхат жасады.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фото
-